БАҚ Ким Чен Ынның қайтыс болғанын жариялады
КХДР басшысы Ким Чен Ын 36 жасында қайтыс болды, деп жазады американдық The New York Post басылымы Гонконгта орналасқан спутниктік хабар тарату компаниясы HKSTV-ге сілтеме жасап.
«Shūkan Gendai» журналы КХДР басшысының операциясына қатысқан хирургқа сілтеме жасап, Ким Чен Ын сәуір айында ауылға барғаннан кейін ауырып қалды деп мәлімдеді. Дәрігер науқастармен сөйлесуге дағдыланбағанын және операция кезінде тым жүйкесі тозғанын мойындады. Оның айтуынша, семіздікке шалдыққан көшбасшы «вегетативті жағдайда» жатыр екен.
Қытай КХДР-ға бір топ маман жіберді. Олардың құрамында медицина сарапшылары бар. Сарапшылардың сапарлап баруына басты себеп, Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты тараған қауесет болып отыр. Мамандар Ким Чен Ын коронавирус жұқтырып алу қаупіне байланысты Пхеньяннан кетіп, Жапон теңізінің шығыс кореялық шығанағындағы жеке жағажай вилласында тұрғанын жазды.