Рамазан айында карантин режимі бұзылды
Жарияланды
Ифтар ұйымдастырған адамдар тобы анықталды
Рамазан айының бірінші күні Шымкент қаласының тұрғындары төтенше жағдай режимін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Тексеру барысында карантин режимінде кешкі уақытта жиналып ифтар ұйымдастырып отырған деструктивті діни ағымдарға бейімді адамдар тобын анықтады.
Карантин режимін бұзған 11 азамат полицияға жеткізілді.
Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Барлық құқық бұзушылық жайттары бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Шымкент қаласының мамандандырылған сотына қарауға жолданды.