Италияда 4 мамырдан бастап карантин тоқтатылады
Жарияланды
Бірақ жыл соңына дейін шекара жабық болады
Италия Премьер-Министрі Джузеппе Конте елде карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтты. Себебі бұдан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Италия 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін тоқтатады. Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен, осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ.