Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені өзгертпейді

Жарияланды
Ол 9,5% деңгейінде сақталады

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/- 2 п.т. пайыздық дәлізбен жылдық 9,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ұлттық банк 2020 жылғы сәуірде Қазақстандағы жағдай сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауы ықпал етуде. Коронавирустың таралуы аясында карантин шаралары ұзартылды. Әлемнің ірі экономикалары іскерлік белсенділіктің төмендеуіне ұшырауда, бұл әлемдік сауданың, өндірістің, көрсетілетін қызметтер салаларының көрсеткіштеріне ықпал етеді. Мұнай нарығындағы ахуал сұраныс пен ұсыныстың сақталып отырған теңгерімсіздігі аясында тұрақсыз болып қалуда. 2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляциялық тәуекелдер іске асырыла бастады

«Коронавирустың таралуына байланысты әлемдік экономикада құлдырады. Халықаралық валюта қорының соңғы болжамдарына сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономика 3,0% төмендейді деп күтілуде, оның ішінде Қазақстанның сауда серіктестері де бар. ЕО экономикасы 7,5%, Ресей 5,5%, Қытай экономикасының құлдырауы 1,2% деңгейінде болады деп күтілуде», – деп жазылған хабарламада.

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің келесі шешімі 2020 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан уақытымен 15: 00-де жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз