Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып қалды

Жарияланды
4,5-8% өсімі - бірқалыпты көрсеткішке ие екен

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанып келеді. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, бір апта ішінде вирусты жұқтырғандардың 4,5-8% өсімі – бірқалыпты көрсеткіш.

Мәселен, өткен тәулікте елімізде вирусты жұқтыру көрсеткішінің өсімі 4,5% – 116 адамды құрады.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, кейбір өңірлерде тіркеу көрсеткіші 50%-ға дейін жетіп тұрғаны алаңдатады. Комитет басшысы бүгінгі таңда елімізде коронавирусқа қатысты ахуал тұрақтанып келе жатқанын атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз