Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

1 мамырдан бастап

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлады.

Мұндай шара азаматтармен қатар, індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.

 

«Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды. Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн», – деді президент.

 

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.