Ресейде бір тәулікте 5 966 адамнан індет анықталды
Жарияланды
681 науқас көз жұмды
Ресейде бір тәулікте коронавирусты жұқтырған 5 966 адам анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Бұл елде жалпы саны 74 588 адам коронавирусты жұқтырған. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі +8,7%-ды құрайды.
Бұдан өзге, COVID-19-дан бір тәулікте 66 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 681-ге жетті. Ауруынан айығып шыққандар саны -6 250 адам.