Тәртіп сақшыларына қол көтерген адам анықталды
Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан, тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Кентау қаласында ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Кентау қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін қадағалау кезінде, көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған.
Күдікті ұсталды, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.