Жаңалықтар

Уханьда  коронавирус диагнозы қойылған бірде-бір науқас қалған жоқ

Бұл қалада індеттен 3869 науқас көз жұмған

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаны үшін жатқызылған барлық науқастар Ухань ауруханаларынан шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

ҚХР мемлекеттік комитетінің ресми өкілінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясының таралу көзі болған  Ухань қаласында COVID-19 диагнозы қойылған бірде-бір науқас қалған жоқ.
Жалпы, індет таралғалы қалада 50 333 адам вирусты жұқтырған,оның 3869-ы көз жұмған.