ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы әуе байланыс туралы мәлімдеді.
Бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті. Ал, жағдай түзелген сайын рейс санын және ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Бұл туралы Coronavirus.2020 телеграм каналында хабарлады.
Әуе тасымалы Бас санитар дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады.
Ұшу үшін:
– жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталуда.
– жеке қорғаныш құралдарын қолдану керек (маска, қолғап).
– қызуын өлшетіп, тиісті дистанцияны сақтау қажет.
– әуежайда және ұшақта күшейтілген дезинфекция жасалады