Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
шаштараздар (жазылу бойынша);
медицина орталықтары (жазылу бойынша);
стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сонымен қатар далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
Өңірлердің әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмысқа кірісетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.