Алматыда екі мыңға жуық адам төтенше жағдай режимін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Карантин енгізілгеннен бастап, сотпен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды.