Мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3078-ге жетті. 774 адам емделіп шықты. Мониторингтің шаралармен індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам қамтылды», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында ауру белгілері аса білінбей өтеді, ал 20 пайызында ауырлығы орта дәрежелі деңгейде болады.