Мұнайдың бір баррелі 23 доллардан саудаланып жатыр
Шілдеге Brent маркалы мұнай фьючерстері 4,22% -ға көтеріліп, барреліне 23,7 долларды құрады. Бұған Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:20-дағы сауда-саттық мәліметтері дәлел.
WTI 15,32% артты. Сөйтіп, АҚШ мұнайының бағасы барреліне 14,2 долларға дейін өсті.
Интерфакстың хабарлауынша, коронавирустың салдарынан сұраныстың төмендеуін ескере отырып, мұнай бағасының өсуі мерзімінен бұрын болуы мүмкін екен.
«ОПЕК + өндірісінің құлдырауына қарамастан, әсіресе АҚШ пен Канадада одан да төмендеуі қажет», – дейді S&P Global Platts сарапшысы Крис Мидгли.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік-Батыс Еуропадағы Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы жеткізілімнің айтарлықтай төмендеуіне байланысты Солтүстік теңіздегі мұнай стандартына қатысты өткен аптада 1,05 долларға дейін өсті.