Ресейде індетті жұқтырғандар саны Ирандағы көрсеткіштен асып түсті

Жарияланды
Ол дүниежүзі бойынша сегізінші орында тұр

Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны Ирандағы көрсеткіштен асып түсті. Бұл туралы Мемлекеттік комисияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Бір тәулікте Ресейдің 83 өңірінде коронавирусты жұқтырған тағы 6 411 адам анықталды. Қазіргі таңда Ресейде бұл вирусты 93 558 адам жұқтырған, осылайша Ирандағы көрсеткіштен асып, дүниежүзі бойынша сегізінші орында тұр.

Сонымен қатар, Ресейде бір тәулікте пандемия басталғалы ең көп өлім-жітім тіркелді — 72 адам. Жалпы қауіпті індеттің салдарынан 867 адам көз жұмды.
 

Сондай-ақ оқыңыз