Семейде арнайы залалсыздандыру құрылғысы іске қосылды
Семей машина жасау зауыты залалсыздандыру кешенін шығаруға кірісті. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Қаладағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының төрағасы Е.Сәлімовтің өтініші бойынша кәсіпорын өз қызметкерлерінің күшімен залалсыздандыру кешеннің алғашқы партиясын шығарды.
Дезинфекциялық кешен – бұл металдан және поликарбонаттан жасалған тоннель. Онда жоғары қысымда дезинфекциялық ерітінді шашатын, бүріккіші бар сорғы станциясы орнатылған. Механизмдегі қозғалыс сенсор арқылы іске қосады.
Дезинфекциялау тоннелінің бірінші данасы Семей қаласына тарту ретінде беріліп, халық көп жиналатын жерлерге орнатылмақшы.
Қазір облыс және басқа да аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында оларды әрі қарай дезинфекциялық тоннельдермен жабдықтау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде.