Жұмыспен қамту бағдарламасы карантин уақытында сәтті жұмыс істеп жатыр

Жарияланды
Нұр-Сұлтанда 154 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді

Жұмыспен қамту бағдарламасы карантин уақытында да сәтті жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

Төтенше жағдай кезінде тек Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 154 тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Жұмысқа орналасуға өтініш берген қала тұрғындары онлайн режимінде кеңес ала алады.

Сонымен қатар қоңырау шалу орталығының нөмірлері www.cz.astana.kz ресми сайтында қолжетімді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігімен «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларына қатысуды ұсынады.

Бұған қоса, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қызметкерлерді іздеу туралы ақпарат ЭЕБ «Жұмыс» www.enbek.kz порталында жазылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз