Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 100 мың автокөлік шығарылады

Жеңіл, жүк көлігі

Биыл Қазақстанда 100 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

 

2019 жылы Қазақстанда автомобиль өнеркәсібінде 359,5 млрд теңгеге 50447 дана көлік құралы шығарылып, нақты көлем индексі 162,5% құрады.

 

Барлық жаңа техниканың жартысы ең ірі автокөндіруші «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында шығарылды.

 

Өткен жылы Қостанай зауыты өндірісті екі есеге арттырып, 25 802 дана жеңіл, жүк көлігі мен автобустар шығарды.

 

Ал биыл өндіріс көлемін 51400 бірлікке дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Өнімділік өлшемі бойынша қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты да көшбасшыға айналды.

 

Өткен жыл қорытындысы бойынша зауытта 20 мың арнаулы техника шығарылды. Биылғы жоспар бойынша кәсіпорында 44 мың техника шығарылуы тиіс.