Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға алғыс білдірді

Жарияланды
Гуманитарлық көмек көрсеткені үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақ елдеріне гуманитарлық көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

 

ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.

 

«Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін», – деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.

 

Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен орын алған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтпек.

 

Сондай-ақ оқыңыз