Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен екі қазақстандық қаза тапты

Жарияланды
38 адам қайтыс болған

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен екі қазақстандық қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы.

 

2020 жылғы 29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, салдарынан 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ының аты-жөні анықталған. Соның ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматы екені белгілі болды.

 

Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста.

Сондай-ақ оқыңыз