Таразда арматура шығаратын зауыт ашылады

Жарияланды
Ол 300-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтиды

Таразда жылына 200 мың тонна арматура шығаратын зауыт құрылысы аяқталуда. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Тараз қаласында «Тараз арматура зауыты» ЖШС-нің  құрылыс арматурасын шығарумен айналысатын цехының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып келеді. Бүгінгі таңда, технологиялық жабдықтар толығымен сатып алынды. Барлық жабдықтар кеденнен шығарылып, кәсіпорын аумағына жеткізілді. 

Сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы ІІ тоқсанда іске қосу жұмыстары аяқталып, өндіріс ошағы жұмысын бастауы тиіс. 

Арматуралық цехты пайдалану кезінде 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, өңір тұрғындары үшін әлеуметтік жүктемені біршама төмендетеді.

Жоба құны 1,8 млрд. теңге. Жылына 200 мың тонна өнім шығару көзделген. Зауыт өнімі негізінен ішкі құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазір елімізде тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп жатқандықтан, зауыт өнімі жоғары сұранысқа ие болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз