Театрдың қабырғасы құлағалы тұр

Жарияланды
Мәдениет ошағы 10 жыл жөндеу көрмеген

Павлодар қаласындағы А.Чехов атындағы облыстық орыс драма театры биыл 75 жылдық мерейтойын тойламақ. Алайда, «ескерткіш ғимарат» деген мәртебеге ие мәдениет орнының қабырғалары құлағалы тұр. Бұл өнер иелері мен көрермендерге айтарлықтай қолайсыздық тудырады.  

 

«Біздің театр бірнеше ғасырлық тарихы бар ғимаратта орналасқан. Мұнда алғашқы спектакль 1945 жылдың 6 қарашасында қойылыпты. Бұл күн театрдың туған күні деп есептеледі. Бірақ, соңғы 10 жыл аралығында ғимаратта күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Соның салдарынан қабырғадағы кірпіштер жылжып, жарық пайда болды. Хореографиялық залдың төбесінен су ағады», – дейді театр директоры Виктор Аввакумов. 

Соңғы жылдары театр әртістері осындай ғимаратта өнер көрсетуге мәжбүр. Ал төтенше жағдайға байланысты олар көрермендермен онлайн байланысқа ауысып, әлеуметтік желілер арқылы түрлі жобаларын ұсынуда. 

node1717571.jpeg

Әйтеуір биыл жергілікті билік театрдың жағдайына назар аударып, мәселені шешуге уәде берді. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында күрделі жөндеу жасап, төбені, есіктер мен еденді ауыстырып, ішкі, сыртқы жөнлеу жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бірақ, бұл істің қашан басталып, аяқталары және мемлекеттік қазынадан нақты қанша қаражат қарастырылатыны әзірше белгісіз. 

node1717572.jpeg

Сондай-ақ оқыңыз