Ұлы Жеңістің 75 жылдығына 18 мың адамға төлем төленеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева БАҚ өкілдеріне онлайн брифинг өткізді.
Басқарма басшысының айтуынша, Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік көмек жұмыстары жалғастырылып жатыр.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы төлем төленеді.
Қала әкімінің қолдауымен (Алматы қаласы мәслихатының 02.04.2020 ж. №437 шешіміне сәйкес) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің ішінен 202 адамға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 1 млн тг, 4 мың адамға – 100 мың тг және тағы 14 мың адамға – 50 мың тг бөлінеді.
Жалпы 1,3 млрд. теңге көлеміндегі бір жолғы төлемдерді 18 296 адам алады.