Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында 7100 тұрғын үй салынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Алматы облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 859 мың шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр.
Биылғы І тоқсанда салаға 28 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Үш айда облыс бойынша барлығы 191,9 мың шаршы метр немесе 1 489 жеке үй пайдалануға берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 22,3 млрд. теңге сомасында 66 жоба іске асырылып, 2330 адам жұмыспен қамтылады.