Алматыдан алғашқы рейс Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды

Жарияланды
Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматыдан алғашқы рейс Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

 

Ішкі әуе қатынасы әзірше Нұр-Сұлтан ‒ Алматы бағыты бойынша жұмыс істеп тұр. Бірнеше күннен кейін тағы бірқатар бағыттар ашылады. Дегенмен, жолаушылар ұшақ бортына коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны туралы анықтамасы болған жағдайда ғана міне алады.

 

Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында ұшақтар күніне үш рет ұшатын болады. 4 мамырдан бастап қазақстандықтар елорда мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қалаларына ұша алады. Еліміздің басқа қалаларында әзірге қатаң карантин режимі алынған жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз