Ақтөбеде 237 адам қамауға алынды 

Жарияланды
Карантин режимін бұзғаны үшін

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1271 рет тәртіп бұзылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полиция еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.  Қаззіргі уақытта, Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары  карантин режимін бұзудың 1271 фактісі анықталды.

ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша– 1217 құқық бұзушылық, оның ішінде237 адам қамауға алынды. 282 айыппұл салынды, 645 ескерту жасалды, 44 материал сотқа жіберілді.

 Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. 
 

Сондай-ақ оқыңыз