Еліміздің Бас санитар дәрігеріне кеңейтілген өкілеттілік берілді
Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жақсарту жөніндегі отырысында маңызды шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне кеңейтілген өкілеттілік берілді.
Енді ол елімізде шектеу шараларын енгізіп, олардың күшін жоя алады. Қаулы мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттілік мына тұрғыдан кеңейтілді:
*Карантиндік аймақтарды белгілеу туралы шешім қабылдау құқығымен, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы кіруге және шығуға шектеу енгізу туралы шешім;
*Инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғалатын аумақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды толық үйлестіру;
*Эпидемиологиялық қызметтердің штаттық саны көбейді, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік органдарға артықшылықтары бойынша теңестірілген.
Бұл санитарлық-карантиндік бақылауды жетілдіру және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық тұрғыда жақсарту үшін жасалады.