Жаңалықтар

Қазақстан бойынша электронды төлеу жүйесін енгізу жоспарлануда

Бұл жүргізушілерден түсетін салық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді

Қазақстанда «ақылды қала» жобасын енгізу азаматтардың өмірінің жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктерге құзырлы органмен бірлесе отырып, қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу тапсырылды. Бұл жұмыстың әлеуметтік маңызы зор.

ҚР ИИДМ-де ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Онда Атырау, Көкшетау және Семей қалаларында аталған жүйелерді енгізу тәжірибелері таныстырылды.

 Электрондық ақы төлеу жүйесін енгізу нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік берген. Сол бойынша Көкшетауда тәулігіне 67 мыңға дейін, Атырауда 100 мыңға дейін, Семейде 200 мыңға дейін жолаушы қоғамдық көлікті пайдаланған. Оған дейін жолаушылар ағыны 2-3 есе аз деп бағаланып келген. Осылайша, аталған жобалар тасымалды субсидиялау көлемін оңтайландырып қана қоймай, тасымалдаушылардан түсетін салық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.