Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Жарияланды
Ол президенттің көмекшісі қызметінен босатылды
Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.