Алматылықтар қала ішінде еркін жүре алады

Жарияланды
Посттар алынып тасталды

Алматы қалалық полиция Департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.

Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын ескертеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз