Жаңалықтар

Аңшылар тобы ұсталды

Олар төтенше жағдай кезінде қырғауыл аулаған 

Алматы облысында төрт адамнан тұратын аңшылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полицейлер қырғауылды заңсыз аулаған төрт ер адамды қолға түсірді. Олар атып алынған қырғауылдан сорпа жасап, тамақтану кезінде ұсталған. 

Аңшылар полиция қызметкерлері мен «Бүркіт-163» патрульдік экипажының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында ұсталды.

 Күдіктілердің төртеуі де жергілікті тұрғындар. Олардың бірінен 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. 
Ұсталған адамдар төтенше жағдай кезінде аң аулағандарын және карантин ережелерін бұзғанын толық мойындады.