Пандемияға қарамастан елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті
Жарияланды
Биыл өнеркәсіптің барлық саласында оң серпін байқалған
Коронавирус пандемиясына қарамастан елімізде биылғы І тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram желісі хабарлады.
Әлемде және елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан биыл І тоқсан қорытындысында өнеркәсіптің барлық саласында оң серпін байқалды.
2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі көлемі 5,8%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 5%, өңдеуші өнеркәсіп 8,8% өсті.