Жаңалықтар

Түркістанда 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Су тасқынына байланысты

Түркістан облысында орын алған жағдайды бағалау үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков және Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов аумақты әуеден  барлауда. Бұл туралы Төтенше жағдай комитеті телеграм каналында хабарлайды.

Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендерін су басуына байланысты 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданының  Фердоуси және Нұрлы жол елді мекендеріне жақындап келе жатқан судың салдарынан саны 3 000-нан астам тұрғын  эвакуацияланды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, Шымкент ТЖД, Ұлттық ұланнан, Қорғаныс министрлігінен, аудандық полиция бөлімі жергілікті жұмылдырылды.  Атқарушы органдардан 635 адам және 60 бірлік техника көмекке келді.

Қауырт желі  телефондары жұмыс істейді: 8-7253-34-06-50, 8-7254-12-22-25.

«Қазгидромет» РМК синоптикалық болжамына сәйкес 2-6 мамыр аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде 25 мм-ге дейін жауын-шашын болады деп күтілуде.