Алакөл демалыс аймағына арзан рейстер ашылады

Жарияланды
Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен бағыты бойынша

Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram хабарлады.  

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр. 

 

Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны –  16 мың теңге. 

Алматыдан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны –  14 мың теңге. 

Өскеменнен Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома – 207,7 млн. теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.
 

Сондай-ақ оқыңыз