Қазақстанда карантин кезеңінде медициналық бетперде мен антисептикалық құралдар өндірісі екі есеге өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram желісі хабарлады.
Биыл наурыз айында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар тәулігіне 170 мың дана медициналық бетперде шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 340 мың данаға жетті.
Ал залалсыздандыру құралдарын өндіру тәулігіне 86 мың литрді құраса, қазіргі уақытта 170 мың литрден асты.