Оқу орталығынан оргтехниканы ұрлағандар анықталды
Жарияланды
Орталық қожайыны шығынды 150 мың теңгеге бағалады
Алматыда оқу орталығынан оргтехниканы ұрлағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«Бостандық ауданының ПБ криминалдық полиция мен полиция бөлімінің іздеушілері ұрыларда анықтады. Ұсталғандар бұрын қарақшылық, тонау және біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Орталықтың қожайыны қаскөйлер келтірген шығынды 150 мың теңгеге бағалаған.