Ағаштарды зиянкестерден тазарту  жұмыстары басталды

Жарияланды
 Оларды қауіптілігі төмен химиялық препараттармен залалсыздандырады

Зиянкестерге қарсы биологиялық әдістер қолдана отырып, жасыл желек нысандарын өңдеу және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

 Сондай-ақ, ағаштардың жай-күйін жақсарту және олардың әртүрлі зиянды организмдерге төзімділігін арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстары басталды. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты түнгі және таңертеңгі уақытта қауіптілігі төмен химиялық препараттармен (П-4) залалсыздандырады.

Залалсыздандыру жұмыстары 20-22 күн аралығында 4 кезеңде жүргізіледі:

– 1-кезең: ерте көктемнен бастап, бірінші тазарту қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштері бойынша басталады.

– 2-ші кезең: маусымның бірінші-үшінші онкүндігіне дейін.

– 3-кезең: шілде айының екінші онкүндігінен шілде айының үшінші онкүндігіне дейін.

– 4-ші кезең: тамыз айының бірінші онкүндігінен тамыздың екінші онкүндігіне дейін.

Қазір жұмыстар қаланың барлық аудандарында басталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз