Зиянкестерге қарсы биологиялық әдістер қолдана отырып, жасыл желек нысандарын өңдеу және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
Сондай-ақ, ағаштардың жай-күйін жақсарту және олардың әртүрлі зиянды организмдерге төзімділігін арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстары басталды. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты түнгі және таңертеңгі уақытта қауіптілігі төмен химиялық препараттармен (П-4) залалсыздандырады.
Залалсыздандыру жұмыстары 20-22 күн аралығында 4 кезеңде жүргізіледі:
– 1-кезең: ерте көктемнен бастап, бірінші тазарту қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштері бойынша басталады.
– 2-ші кезең: маусымның бірінші-үшінші онкүндігіне дейін.
– 3-кезең: шілде айының екінші онкүндігінен шілде айының үшінші онкүндігіне дейін.
– 4-ші кезең: тамыз айының бірінші онкүндігінен тамыздың екінші онкүндігіне дейін.
Қазір жұмыстар қаланың барлық аудандарында басталды.