Жаңалықтар

Алакөлге 8 мың теңгеге ұшып баруға болады

Тариф кұны әр қалада әртүрлі

Елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөлге барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр.  Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.

Атап айтқанда: 

➖ Нұр-Сұлтаннан Үшаралға «Qazaq Air» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн. теңге бөлінеді.  Тариф құны – 16 мың теңге. 

➖ Алматыдан Үшаралға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген қаражат – 225,8 млн. теңге. Тариф құны – 10 мың теңге. 

➖ Талдықорғаннан Үшаралға «Жетысу» әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн. теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады.