Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық патрон зауытының атыс қаруларына арнап оқ-дәрілер шығаратын бірінші желісін іске қосты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.
Іс-шараға сонымен қатар, еліміздің күш құрылымдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық патрон зауыты жобасын «Steel Manufacturing» ЖШС жүзеге асыруда. Бұл «Қазақстан Инжиниринг» АҚ құрамындағы халықаралық стандарттарына сай атыс қарулары үшін оқ-дәрілер шығаратын заманауи, жоғары технологиялық кәсіпорын.