Қазіргі уақытта, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауын пайдалану, азаматтық авиация, көлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту салаларында 113 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.
2020 жылдың І тоқсанында Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері 45097 қызмет көрсетті.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған небәрі 4 оқиға тіркелді . Осыған орай Көлік комитетінің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жаза қолданылды.
Сондай-ақ, аталған мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 2 шағым түсті.