Еуропа бойынша коронавирустың кесірінен орын алған өлім-жітім Ұлыбританияда көп тіркелген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Жалпы, бұл елде COVID-19-дан 32,3 мыңнан астам адам көз жұмған. Эпидемиологиялық ахуалы аса күрделі деп бағаланған Италия мен Испанияда сәйкесінше 29 мыңнан астам және 25 мың өлім-жітім тіркелген.
Науқастардың көбісі (19,6 мың) ауруханаларда қайтыс болған. 5,9 мыңға жуық адам қарттар үйлерінде және интернаттарда, 1,3 мыңнан астам науқас өз үйлерінде, сондай-ақ 301 адам хоспистерде көз жұмған.