«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» кәсіпорны 30 тікұшақ құрастырды

Жарияланды
Тоғыз жылдың ішінде

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» кәсіпорны құрылғалы 30 тікұшақ жинаған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

2011 жылы елімізде және өңірде тікұшақ саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Airbus Helicopters») бірлескен кәсіпорнын құрды.

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС – ТМД мен Орталық Азиядағы Н145, Н130, Н125 тікұшақтарын ірі-тораптық құрастырумен, Қазақстан Республикасында және дистрибьюторлық аймақта (Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия) ұшу-техникалық құрамға техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен және оқытумен айналысатын жалғыз кәсіпорын.

Кәсіпорын құрылғаннан бері ішкі және сыртқы нарыққа арнап 30-дан астам тікұшақ жинады.

Зауыт базасында ұшу жарамдылығын қолдау, тікұшақтарды жөндеу және техникалық қолдау бойынша білікті қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құрылды.

Орталық жоғары технологиялық жабдықтарды ұсынады. Кәсіпорын қоймасында қосалқы бөлшектер мен құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сертификатталған мамандар жүзеге асыратын жедел қызмет көрсету сапасының, өнімділіктің және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз