Фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 6 есеге өсті
Индустрияландыру жылдарында қабылданған шаралар арқасында антибиотиктер, алкалоидтер, жүрек құралдары мен медициналық бұйымдар өндірісін ұлғайту есебінен фармацевтикалық өнім шығару 19,9 млрд.теңгеден 92 млрд. теңгеге дейін артып, 6 есеге өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.
Қысқа мерзім ішінде сала экспортқа бағытталды. Фармацевтика өнеркәсібінің экспорты 3 есе өсті.
Өнім Ресей (39%), Қырғызстан (16%), Түркия (7,8%), Моңғолия (7,4%) және басқа да елдерге жіберілді. Негізгі экспорттаушы кәсіпорындар – «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» ЖШС, «Абди Ибрахим Глобал Фарм «ЖШС,»Dolce-Pharm» ЖШС.
Индустрияландыру картасы аясында 62,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, 41 жоба пайдалануға берілді. 5 мың жұмыс орны ашылды.
Саланың маңызды жобаларының қатарында, өндірістік қуатты кеңейту және фармацевтикалық фабрикаларды жаңғырту. Сонымен қатар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру бойынша фармацевтикалық зауыттарды салу жоспарлануда.