Қайтыс болған әзербайжандықтың мәйітін шекарашылар еліне жеткізді 

Жарияланды
Күдіктілерді ұстау барысында бір адам қаза болған еді

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (ҚР ҰҚК ШҚ) ақпараты бойынша, қазақстандық шекарашылар бортында Әзербайжанның 4 азаматы бар «байда» үлгісіндегі шағын көлемді кемені ұстады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телаграм каналы хабарлады.

Ұсталған кеме ҚР аумақтық суларынан табылды. Шекараны бұзушылар шекара катері экипажының халықаралық теңіз заңнамасына сәйкес кемені тоқтату туралы талаптарына қарамастан тиісті жауап қайтармады. Сонымен қатар, мемлекеттік шекара катерінің алдында соқтығысуға қауіп төндіре отырып, үлкен жылдамдықта қауіпті маневр жасаған.

Шекара бұзушыларын қуу 1 сағат 40 минутқа созылып, нәтижесінде «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес кемені мәжбүрлеп тоқтату үшін шекарашылар қару қолданған. Осылайша, қарудан ауаға 25 ескерту, 87 рет жүру бағыты бойынша және 185 рет шекара бұзушылардың кеме қозғалтқыштары бойынша оқ атылды.

Қаруды қолдану салдарынан үш құқық бұзушы жарақат алды. Ұстау кезінде зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған шараларға қарамастан, жағаға келген кезде жедел жәрдем дәрігерлерімен ұсталған адамдардың бірінің қайтыс болғаны анықталды.

Қазіргі таңда ҚР құзыретті органдары ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік шекараны бұзу фактісі бойынша тергеу іс-шараларын жүргізуде.

ҚР ҰҚК ШҚ хабарлағандай, ұсталған төрт браконьердің үшеуі 2017 жылы іспеттес тәртіп бұзғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Қазақстан тарапы қаза тапқан Әзербайжан азаматының отбасына көңіл айтады. Қаза тапқан адамның денесі Әзербайжан тарапына берілді.

Сондай-ақ оқыңыз