Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында тұрғындарға 300-ден астам тәртіп сақшылары көмек көрсетіп, қауіпсіз аймаққа шығаруға атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Орын алған апат тұрғындарға үлкен соққы болып тиді. Тұрғындарға 300-ден астам тәртіп сақшылары көмек көрсетіп, қауіпсіз аймаққа шығаруға атсалысты. Одан бөлек арнайы құрылған сегіз блок-бекеттерде қоғамдық тәртіпті қадағалап, күшейтілген режимде қызмет атқарып келеді.
Жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полицейлермен қатар, Ұлттық ұланның әскерилері, ТЖД қызметкерлері өз міндеттерін атқарып келеді. Құтқару-авариялық жұмыстарына Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қалаларынан қосымша күш тартылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұмылдырылған.
Айта кетер жайт, Мақтаарал ауданында өзгенің мүлкін ұрлау, тонау секілді қылмыстар тіркелмеген.