Президент Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында «үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі» деп мәлімдеді.
Ресми мәлімет бойынша, Мақтаарал ауданында су басу салдарынан 825 үй зардап шекті. Қазіргі уақытта тұрғындарға төл құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілуде.