Алматы әкімдігіне гуманитарлық көмек аясында Оңтүстік Кореялық компаниялар тарапынан жеке қорғаныс құралдары жеткізілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
Оңтүстік Корея коронавирустық инфекциямен күрес мақсатында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасына мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 1125 бірлік жеке қорғаныс құралдарын тапсырды. Гуманитарлық көмектің жалпы құны 45 мың АҚШ долларын құрайды.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев, қаланың Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қатысты. Сонымен бірге, іс шарада ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов болды.
Корей компаниясының өкілдері — MPK Clinic компаниясының бас директоры Ким Хён Джин, Shinhan Bank Kazakhstan басқарма төрағасы Ким Хенг Ван, «Рахат» АҚ басқарама төрағасының орынбасары Пак Гин Ен, SK E&C компаниясы жобасының жетекшісі Джун Хун Ким қатысты.
«Сыртқы істер министрлігі Кореядағы біздің елшілігіміз арқылы Қазақстандағы корей компаниялары консорциумына гуманитарлық көмек көрсетті. Консорциум үш компаниядан тұрады. Гуманитарлық көмек жеке қорғаныс құралдары түрінде 40 қораппен келді. Бұл бірінші партия емес. Бұған дейін «MPK Clinic» корей компаниясынан Алматының медициналық мекемелеріне ПЦР- тесттер жеткізілген еді», — деді ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов.
«Қазақстан коронавируспен бетпе-бет келгенде біз де шет қалмай, өз тарапымыздан көмек көрсеткіміз келді. Аталған індетті жеңіп, қала мен алматылықтардың бұрынғы қалыпты өміріне оралуын тілеймін. Мен Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас жалғасын тауып, Қазақстанға инвестиция құятын корей компанияларының да көп болғанын қалаймын», — деп атап өтті SK E&C өкілі Джун Хун Ким.
MPK Clinic корей компаниясының қолдауымен 1125 дәрігер мен медицина қызметкерлеріне жеке қорғану құралдары ұсынылды.
Бұл жеке қорғану құралдары инфекциялық госпитальдардың медицина қызметкерлеріне бөлініп берілетін болады.