Жаңалықтар

Қауіпті індеттен 4 айлық бала жазылып шықты

Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылған

Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметі бойынша, Алматыда коронавирустық инфекциядан 331 науқас емделіп, емханадан шығарылды.  Олардың ішінде 4 айлық қыз бала да бар.

Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен.

Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәреже ретінде бағаланды.Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Емделушілердің жағдайы жақсы.