Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары негізінде, 11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы ,Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларында ұшу қайта басталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.
Сондай-ақ, Қостанай және Үшарал қалаларына ұшу 13 мамырдан басталады.
Рейстер Эйр Астана, SCAT, Qazaq Air әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады деп жоспарланып отыр.
Бұдан әрі жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер мен бағыттар санын арттыру мәселесі қарастырылатын болады.